beybars-security

Какой ноутбук выбрать. Какой фирмы выбрать ноутбук лучше. Какой выбрать ноутбук для работы. Скачать драйвера для видеокарты. Скачать драйвера для видеокарты nvidia бесплатно. Драйвера видеокарты для windows 7. Как начать учить Java. Какие книги java читать. Все о программирование на Java. Скачать игры для android. Лучшие игры для android скачать. Бесплатные игры для планшетов android. Интересные факты о человеке. Где найти интересные факты обо всем. Интересные факты о русских. Где найти гайд по магу wow. Самые лучшие гайды о магах wow. Аркан маг гайд для World of Warcraft. Как начать изучать язык Python. Какие книги python лучше читать. Все о программировании на python. Скачать компоненты Joomla. Самые лучшие компоненты /a> скачать. Бесплатно скачивание компонентов всех версии.

sobakaЗаңсыз қол сұғушылықтан мүлікті қорғау бойынша сенімді әрі ретке келтірілген әдістер саны өте көп. Сол әдістердің ең сенімді әдісі туралы әңгімелесіп көрсек.

Нысандарды итпен күзету біздің күзет мекемеміздің күзет қызметінің бағыттарының бірі болып табылады. Нысандарды күзету мекеме жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету мен оның материалдық құндылықтарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді. Нысанды күзетке қабылдау кезінде, біздің мамандарымыз кешенді тексеру жүргізіп, мейлінше тиімді әрі экономикалық жағынан орынды күзет жүйесін анықтау үшін нысанға сараптама жүргізеді. Содан кейін, клиентке осы нысанды күзетуді қамтамасыз ету әдісін таңдау бойынша ұсыныстар ұсынылады.

Көптеген жағдайларда, нысандарды күзетуде қызметтік иттерді пайдалану бір мезетте күзет қызметкерлерінің алдына қойылған кешенді міндеттерді шешеді.

Нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белгілі бір нысанды таңдай отырып, оның жеке тұлғалылығын, жеке қаржылық мүмкіндіктерін, сонымен қатар, көптеген күзет жөніндегі тәсілдерді шектейтін қазіргі кездегі қолданыстағы заңнаманың мінсіз еместігі, әсіресе қару қолдануға қатысы болады.
Игерілмейтін кедергілердің болмайтынын естен шығармау керек, және қорған болсын, қабырға болсын, дарбаза болсын немесе есік болсын, бәрін бұзуға болады. Бұзылмайтын қамал жоқ. Дәл осы жерде қылмыстық қол сұғушылық жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды қолға алу үшін күзетті мәжбүрлейтін әжептеуір қиын жағдай орын алады. Өкінішке орай, бұл мәселені біздің заңнама әлі де болса жеткіліксіз деңгейде қарастырып отыр. Алайда, орын алған жағдайдан мынадай шешім туындайды, атап айтқанда, күзетілетін нысандарға, жайларға және т.б. күзет иттерін пайдаланады. Осы мақсат үшін шығыс-еуропалық, кавказдық, оңтүстік-орыс, орталық-азиялық овчаркалар, сонымен қатар мәскеулік күзететін, қара терьер мен басқа да ұқсас тұқымдары сәйкес келеді.
Иттердің қабілеттерінің арқасында, бөгде тұлғалардың қозғалыс бағыты туралы уақтылы дабыл бере отырып, нысандардың күзеті алдын-ала қосымша қауіпсіздік шараларын қолға алу мүмкіндігіне ие болады. Кейбір жағдайларда, егер нысаннан айтарлықтай қашықтықта орналасқан тұлғалар өздеріне үріп тұрған иттерді көрсе, онда бұл жағдай осы күзетілетін аумаққа кіру ниетінен бас тарттырады.
Үйретілген ит аумақты тіміскілей, бөгде тұлғаларды ұстай алады, сонымен қатар, бөгде тұлғалардың қолынан тамақ жемейді, оны жерден алып жемейді және атылған оққа назар аудармайды. Арнайы дайындықтан өткен иттер қарулы адамдардың шабуылына да тиісінше тойтарыс бере алады.
Иттерді күзетке тартудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың біреуі – ит қысқа шынжырға (блок қосыны) байланған кезі болып табылады. Сонымен қатар, ешқандай байламастан күзету (еркін қарауылдау) нұсқасы да бар. Итті қысқа байлай отырып қарауылдыққа қолдану үшін, бекет күзетілетін нысанның дәл жанына орналастырылады және ит байланған шынжыр арнайы бағанға бекітіледі. Шынжырдың ұзындығы иттің нысанды еркін түрде бақылауына мүмкіндік беруі тиіс. Сонымен қатар, темір сақинаның көмегімен шынжырды болат шынжыр арқанға немесе сымға бекітіп қоюға болады. Сым немесе арқан жерден 1,5 метр биіктіктегі екі бағанның арасында тартылады. Бүкіл аумақтағы блок бекеті иттің еркін қозғалысына кедергі келтіретін заттардан босатылған болуы тиіс. Шамамен оның ортаңғы бөлігіне дүңгіршек орнатылады. Дүңгіршектің жанында 0,75х1 метрлік ағаштан жасалған қалқан орналастырылады. Егер күзетілетін аумақ кемінде 2 метрлік биіктікке ие қоршаумен қоршалған болса, онда бұл жағдайда, еркін қарауылдау шарасын ұйымдастыруға болады. Бүкіл күзетілетін аумақта қоқыс немесе кесіп кететін заттар болмауы тиіс. Егер иттер жайдың ішінде күзету қызметін жүргізетін болса, олардың ашық тұрған өнімдерге және уытты заттарға тиіп кетуіне мүмкіндік бермеу керек. Ит терезелер мен есіктерге еркін кіре алуы тиіс.
Салыстырмалы түрде аса үлкен емес нысандарды күзету кезінде, нұсқаушының басқаруындағы бір ғана итті пайдалану керек. Егер үлкен әрі күрделі нысан күзетілетін болса, белгілі бір мөлшердегі иттің саны, оларды күту үшін арнайы жағдайлар мен оққағар кинологтар талап етіледі. Кезекшілік кестесі түзіліп, аумақты бағыттық күзету шарасы ұйымдастырылады.
Қажет болған жағдайда, нысанды күзету үшін бірнеше итті пайдалана отырып, арнайы жай жабдықталуы тиіс. Аталған жайдың ішінде әрбір ит үшін жанында қоршалған алаңы бар жеке оқшауланған кабина қарастырылған болуы тиіс. Кабина келесі өлшемге ие болуы тиіс: 1,5 м - ені, 2 м - ұзындығы, алдыңғы қабырғасының биіктігі – 2-ден 2,5 м-ге дейін, артқы қабырғасы: 1,5-2 м. Кабинаның есіктері келесі өлшемдерге ие: биіктігі - 1,7 м, ені - 0,7 м, есіктің төменгі бөлігінде тар жол жасалады. Кабинаның ішіне жарық кіруі үшін, есіктің үстіңгі бөлігінде әйнектелген көсек монтаждалады. Қоршалған алаң ұзындығы бойынша кемінде 3 метр, ені – 1,5 м, биіктігі – 2 метр болуы тиіс.
Сәйкесінше, иттер үшін жайларды тұрғызу кезінде, ағаш, кірпіш, тас және т.б. қолданылады. Қоршалған алаң қабырғалары әдетте ағаштан жасалады, ал алдыңғы беті метал тордан жасалады. Кабиналар мен қоршалған алаңның едені сыртқы қабырғасына қарай кішкене еңіске ие болуы тиіс, ал қоршалған алаңның алдында ағын суға арналған жыра жасалады. Қоршалған алаңнан 5-6 метрлік қашықтықта кішкене бағандар қазылады.
Егер күзет үшін бірнеше ит қажет болса, оларға тағам дайындау үшін арнайы ас үйді, сонымен қатар ветеринарлық жайды жабдықтау қажет.
Иттерге күтім жасау немесе күзет жүйесін дұрыс құру бойынша қандай да бір сұрақтар пайда болса, сіз әрқашан кәсіби кинологтарға және осы саладағы басқа да мамандарға жүгіне аласыз.

ҚЫЗМЕТКЕ ТАПСЫРЫЗ БЕРУ

Сонғы жаналықтар

Предыдущая Следующая

ЖҮК ПЕН ҚҰНДЫ ЗАТТАРДЫ АЛЫП ЖҮРУ

ЖҮК ПЕН ҚҰНДЫ ЗАТТАРДЫ АЛЫП ЖҮРУ

Қазіргі таңда, жүкті күзету мен оны алып жүру қауіпсіздік саласындағы аса сұранысқа ие қызметтердің бірі болып табылады. Жүкті алып жүру кезіндегі күз...

ПУЛЬТТІК КҮЗЕТ

ПУЛЬТТІК КҮЗЕТ

Пульттік күзет: жүз пайыздық тиімділік пен шапшаң оңтайлану  Пульттік күзет ғимаратқа кірген кезде іске қосылатын жабдықтар мен тетіктердің нег...

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ

Күзет мекемелері азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау (жеке күзет), жекеменшік иегерлерінің мүлкін күзету (оның ішінде оны тасымалдау бойынша) ...

ӨРТ ДАБЫЛЫ

ӨРТ ДАБЫЛЫ

Өрт дабылы, дабыл жүйесі, жөндеу, жүйеге қызмет көрсету. Әрбір адам өз мүлкінің сақталуына қызығушылық танытады. Және, ең алдымен, біз өз үйімізді не...

ЖЕКЕ ІЗ КЕСУШІ

ЖЕКЕ ІЗ КЕСУШІ

Адамдарды, жүкті, автокөлікті бақылау: Егер балалардың қозғалысын бақылау, олардың дәл сол кезде қайда жүргендігін және не істеп жүргендігін бақылау ...

ИТПЕН КҮЗЕТУ

ИТПЕН КҮЗЕТУ

Заңсыз қол сұғушылықтан мүлікті қорғау бойынша сенімді әрі ретке келтірілген әдістер саны өте көп. Сол әдістердің ең сенімді әдісі туралы әңгімелесіп ...

БЕЙНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ОРНАТУ

БЕЙНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ОРНАТУ

Біздің компаниямыз функционалды бейне бақылау жүйелерін жобалау, монтаждау мен қызмет көрсетуге мамандандырылған. Қызметтер қатарында – қарапайы...

ХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ

ХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ

Адамдар көп шоғырланатын халықтық іс-шараларды (концерттер, көріністер, спорттық ойындар, презентациялар және т.б.) өткізу кезінде, қауіпсіздікті қамт...

GSM ЖАЙЛАРДЫ КҮЗЕТУ

GSM ЖАЙЛАРДЫ КҮЗЕТУ

Күзет кешені ретіндегі GSM-дабыл жүйесі   GSM-дабыл беру жүйесі немесе, басқаша атауына сәйкес, GSM-күзеті – бұл нысандық құрылғылармен б...

VIP КҮЗЕТ

VIP КҮЗЕТ

Клиенттермен қарым-қатынастағы біздің негізгі ережелеріміз - әрбір көрсетілген күзеттік қызметтердің орын алуына, сапасы мен сенімділігіне тез арада ә...

ҮРЕЙ КЕЗІНДЕГІ ПЕРНЕ

ҮРЕЙ КЕЗІНДЕГІ ПЕРНЕ

Үрей кезіндегі дабыл пернесі (ҮДП) – кез келген кеңсенің, дүкеннің немесе ойын-сауық мекемесінің айрылмас атрибуты болып табылады және сол пер...

НЫСАНДАРДЫ КҮЗЕТУ

НЫСАНДАРДЫ КҮЗЕТУ

Нысандарды күзету – бұл біздің компаниямыздың негізгі қызметі. Нысандар ретінде біз кеңселерді, дүкендерді, мекемелерді, коттедждерді және құқ...

&