beybars-security

Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.

ИТПЕН КҮЗЕТУ

sobakaЗаңсыз қол сұғушылықтан мүлікті қорғау бойынша сенімді әрі ретке келтірілген әдістер саны өте көп. Сол әдістердің ең сенімді әдісі туралы әңгімелесіп көрсек.

Нысандарды итпен күзету біздің күзет мекемеміздің күзет қызметінің бағыттарының бірі болып табылады. Нысандарды күзету мекеме жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету мен оның материалдық құндылықтарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді. Нысанды күзетке қабылдау кезінде, біздің мамандарымыз кешенді тексеру жүргізіп, мейлінше тиімді әрі экономикалық жағынан орынды күзет жүйесін анықтау үшін нысанға сараптама жүргізеді. Содан кейін, клиентке осы нысанды күзетуді қамтамасыз ету әдісін таңдау бойынша ұсыныстар ұсынылады.

Көптеген жағдайларда, нысандарды күзетуде қызметтік иттерді пайдалану бір мезетте күзет қызметкерлерінің алдына қойылған кешенді міндеттерді шешеді.

Нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белгілі бір нысанды таңдай отырып, оның жеке тұлғалылығын, жеке қаржылық мүмкіндіктерін, сонымен қатар, көптеген күзет жөніндегі тәсілдерді шектейтін қазіргі кездегі қолданыстағы заңнаманың мінсіз еместігі, әсіресе қару қолдануға қатысы болады.
Игерілмейтін кедергілердің болмайтынын естен шығармау керек, және қорған болсын, қабырға болсын, дарбаза болсын немесе есік болсын, бәрін бұзуға болады. Бұзылмайтын қамал жоқ. Дәл осы жерде қылмыстық қол сұғушылық жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды қолға алу үшін күзетті мәжбүрлейтін әжептеуір қиын жағдай орын алады. Өкінішке орай, бұл мәселені біздің заңнама әлі де болса жеткіліксіз деңгейде қарастырып отыр. Алайда, орын алған жағдайдан мынадай шешім туындайды, атап айтқанда, күзетілетін нысандарға, жайларға және т.б. күзет иттерін пайдаланады. Осы мақсат үшін шығыс-еуропалық, кавказдық, оңтүстік-орыс, орталық-азиялық овчаркалар, сонымен қатар мәскеулік күзететін, қара терьер мен басқа да ұқсас тұқымдары сәйкес келеді.
Иттердің қабілеттерінің арқасында, бөгде тұлғалардың қозғалыс бағыты туралы уақтылы дабыл бере отырып, нысандардың күзеті алдын-ала қосымша қауіпсіздік шараларын қолға алу мүмкіндігіне ие болады. Кейбір жағдайларда, егер нысаннан айтарлықтай қашықтықта орналасқан тұлғалар өздеріне үріп тұрған иттерді көрсе, онда бұл жағдай осы күзетілетін аумаққа кіру ниетінен бас тарттырады.
Үйретілген ит аумақты тіміскілей, бөгде тұлғаларды ұстай алады, сонымен қатар, бөгде тұлғалардың қолынан тамақ жемейді, оны жерден алып жемейді және атылған оққа назар аудармайды. Арнайы дайындықтан өткен иттер қарулы адамдардың шабуылына да тиісінше тойтарыс бере алады.
Иттерді күзетке тартудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың біреуі – ит қысқа шынжырға (блок қосыны) байланған кезі болып табылады. Сонымен қатар, ешқандай байламастан күзету (еркін қарауылдау) нұсқасы да бар. Итті қысқа байлай отырып қарауылдыққа қолдану үшін, бекет күзетілетін нысанның дәл жанына орналастырылады және ит байланған шынжыр арнайы бағанға бекітіледі. Шынжырдың ұзындығы иттің нысанды еркін түрде бақылауына мүмкіндік беруі тиіс. Сонымен қатар, темір сақинаның көмегімен шынжырды болат шынжыр арқанға немесе сымға бекітіп қоюға болады. Сым немесе арқан жерден 1,5 метр биіктіктегі екі бағанның арасында тартылады. Бүкіл аумақтағы блок бекеті иттің еркін қозғалысына кедергі келтіретін заттардан босатылған болуы тиіс. Шамамен оның ортаңғы бөлігіне дүңгіршек орнатылады. Дүңгіршектің жанында 0,75х1 метрлік ағаштан жасалған қалқан орналастырылады. Егер күзетілетін аумақ кемінде 2 метрлік биіктікке ие қоршаумен қоршалған болса, онда бұл жағдайда, еркін қарауылдау шарасын ұйымдастыруға болады. Бүкіл күзетілетін аумақта қоқыс немесе кесіп кететін заттар болмауы тиіс. Егер иттер жайдың ішінде күзету қызметін жүргізетін болса, олардың ашық тұрған өнімдерге және уытты заттарға тиіп кетуіне мүмкіндік бермеу керек. Ит терезелер мен есіктерге еркін кіре алуы тиіс.
Салыстырмалы түрде аса үлкен емес нысандарды күзету кезінде, нұсқаушының басқаруындағы бір ғана итті пайдалану керек. Егер үлкен әрі күрделі нысан күзетілетін болса, белгілі бір мөлшердегі иттің саны, оларды күту үшін арнайы жағдайлар мен оққағар кинологтар талап етіледі. Кезекшілік кестесі түзіліп, аумақты бағыттық күзету шарасы ұйымдастырылады.
Қажет болған жағдайда, нысанды күзету үшін бірнеше итті пайдалана отырып, арнайы жай жабдықталуы тиіс. Аталған жайдың ішінде әрбір ит үшін жанында қоршалған алаңы бар жеке оқшауланған кабина қарастырылған болуы тиіс. Кабина келесі өлшемге ие болуы тиіс: 1,5 м - ені, 2 м - ұзындығы, алдыңғы қабырғасының биіктігі – 2-ден 2,5 м-ге дейін, артқы қабырғасы: 1,5-2 м. Кабинаның есіктері келесі өлшемдерге ие: биіктігі - 1,7 м, ені - 0,7 м, есіктің төменгі бөлігінде тар жол жасалады. Кабинаның ішіне жарық кіруі үшін, есіктің үстіңгі бөлігінде әйнектелген көсек монтаждалады. Қоршалған алаң ұзындығы бойынша кемінде 3 метр, ені – 1,5 м, биіктігі – 2 метр болуы тиіс.
Сәйкесінше, иттер үшін жайларды тұрғызу кезінде, ағаш, кірпіш, тас және т.б. қолданылады. Қоршалған алаң қабырғалары әдетте ағаштан жасалады, ал алдыңғы беті метал тордан жасалады. Кабиналар мен қоршалған алаңның едені сыртқы қабырғасына қарай кішкене еңіске ие болуы тиіс, ал қоршалған алаңның алдында ағын суға арналған жыра жасалады. Қоршалған алаңнан 5-6 метрлік қашықтықта кішкене бағандар қазылады.
Егер күзет үшін бірнеше ит қажет болса, оларға тағам дайындау үшін арнайы ас үйді, сонымен қатар ветеринарлық жайды жабдықтау қажет.
Иттерге күтім жасау немесе күзет жүйесін дұрыс құру бойынша қандай да бір сұрақтар пайда болса, сіз әрқашан кәсіби кинологтарға және осы саладағы басқа да мамандарға жүгіне аласыз.

ҚЫЗМЕТКЕ ТАПСЫРЫЗ БЕРУ

&