Азаматтарды күзету
Күзет мекемелері азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау (жеке күзет), жекеменшік иегерлерінің мүлкін күзету (оның ішінде оны тасымалдау бойынша) қызметтерді ұсына алады.
«Бейбарыс» күзет мекемелерінің маманданымдарының бірі жеке күзет қызметтерін ұсыну болып табылады. Адамдардың өмірі мен денсаулығына баға жетпес, оларға қорғанысты қамтамасыз ету үшін ерекше шеберлік пен ерекше дайындық, тек мықты күш пен қайрат қана емес, сонымен қатар ақыл, байқағыштық, жағдайға талдау жасау, жақсы түйсік қажет.
Жеке күзетте жұмыс істеу үшін қызметкерлерді мұқият таңдап алу, олардың кәсіби дайындығы мен жұмыс өтілі оларға күзетілетін тұлғаға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерге тез арада әрі тиімді түрде әрекет етуге, сонымен қатар осындай іс-әрекеттерді алдын-ала анықтап, бейтараптандыруға мүмкіндік береді. Күзетілетін тұлғаның өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жеке күзет күзетшісі мәселені тез арада шешу үшін қосымша күштер мен құралдарды тартуға (шұғыл топты, автокөлікті шақыру) мүмкіндігі бар.
Сарапшылардың ортақ пікірі бойынша, ең болмағанда жалғыз бір оққағардың өзі күзетілетін тұлғаны қайғылы жағдайдан құтқарып қалса, ол кәсіби маман ретінде есептеледі.
Әдетте тапсырыс берушілер өзінің өмірін, денсаулығын және материалды саулығын кімге сеніп тапсыратынын өздері шешеді, алайда сіз ол кісілерге жүгінсеңіз, біз сіздердің өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды қорғауға дайынбыз.
Жеке күзеттің негізгі міндеті ретінде атылған оқты жібермеу болып саналады. Ол үшін тапсырысшы тап болатын кез келген жағдайда күзет «өлтіруші қылмыскерге» «тапсырысты» орындатып, қылмыс орнынан кетуге жол бермеу үшін барлық іс-шараларды жасайды.