Бейне бақылау жүйесін орнату
Біздің компаниямыз функционалды бейне бақылау жүйелерін жобалау, монтаждау мен қызмет көрсетуге мамандандырылған. Қызметтер қатарында – қарапайым жүйелерден бастап ауқымды, жоғары технологиялық жобаларға дейінгі, күрделілік деңгейі әртүрлі бейне бақылау.
Жаңа бейне бақылау мүмкіндіктері
Үйлерге немесе кеңсеге арналған инновациялық бейне бақылаудың функционалдық мүмкіндіктері мол. Күзетілетін аумақтағы жазба оператор мұрағаттық ақпараттармен қоса бір мезгілде ағымдағы трансляцияны да қарай алатындай етіп жүргізіледі.
Күзет жүйелерінде камералардың әртүрлі модельдері қолданылуы мүмкін. Бұрылатын құрылғыларының артықшылығы – бейнеобъективтің көру өрісіне түскен объектіні жақындатуға және жан-жақты қарауға болады.
Нақты уақытта бейне бақылау – соңғы уақытта күзет жүйелерінде кеңінен қолданылатын тағы бір пайдалы опция. Бұл кезде камера қамтып жатқан аумақтағы болып жатқан оқиғаларды едәуір қашықтықтан қадағалауға болады. Ол үшін Интернетке қосылған компьютер болса жеткілікті.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Интернет арқылы бейне бақылау басшылық жоқ кезде еңбек өнімділігіне және штаттық қызметкерлердің тәртібіне оң ықпал етеді, ересектер жоқ кезде өз балаларының қимыл-әрекеттерін қадағалау үшін ата-аналарға көмектеседі.
Бейне бақылауды қолдану салалары
Қазіргі таңда веб бейне бақылау көптеген қызмет салаларында кеңінен қолданылуда. Әсіресе оны банк ғимаратының ішінде болып жатқандарды және келушілердің жүріс-тұрыстарын тұрақты бақылау, сондай-ақ іргелес аумақтарды шолу қажетті қаржы ұйымдарында қолдану тиімді.
Адамдар көп шоғырланатын жерлер - әуежайлар, вокзалдар, стадиондар және т.б. күзет бейнекамераларымен жабдықталған. Бұл сақтандырушы шаралар бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік және басқа да акциялардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазір кеңселерде де бейне бақылауды жиі көруге болады. Камералар сыртта да, іште де орнатылуы мүмкін. Көшеге арналған бейнетіркеуіштер механикалық бүлінулерден және қоршаған ортаның агрессиялық әсерлерінен жоғары қорғанышқа ие.
Бейне бақылау – қылмыстылықтың, лауазымдық қылмыстардың және қоғамдық орындардағы азаматтардың қоғамға жат іс-әрекеттерін түбегейлі алдын алу.