Өрт дабылы
Өрт дабылы, дабыл жүйесі, жөндеу, жүйеге қызмет көрсету.
Әрбір адам өз мүлкінің сақталуына қызығушылық танытады. Және, ең алдымен, біз өз үйімізді не кеңсемізді өрттен қорғағымыз келеді. Міне сондықтан да көптеген адамдар өрт жүйесін орнатқысы келеді. Мұндай күзет дабылы үй-жайда орын алған тұтану туралы жедел ескертеді. Қауіпсіздік жүйелерін сату, құрастыру және қызмет көрсету тез дамып, ұсынылатын өнімдердің ассортименті де кеңеюде.
Қазіргі таңда коттедждерге, саяжайларға, пәтерлерге орнатуға арналған күзет және өрт жүйелері, аумақты қорғауға арналған, сондай-ақ кеңселерге, банктерге, дүкендерге арналған жүйелер көп. Жекелеген жабдықтармен қоса, дайын жинақтар да ұсынылады. Белгілі бір нысанның қажеттілігіне қарай өрт дабылын жобалау жүргізіледі. Жабдықтар мен құралдардың бағасы әртүрлі, ол жүйенің түрі мен жиынтықтауына байланысты.
Өрт дабылы түрі бойынша сымды және сымсыз болуы мүмкін. Қазіргі кезде соңғы үлгідегі (радиоканалды сымсыз) өрт дабылын орнату кеңінен танымал болып отыр, себебі оны монтаждау және қызмет көрсету анағұрлым жеңіл. Өрт дабылы жүйесін басқаруды Интернет арқылы жүзеге асыруға болады, ал дабыл белгісін gsm хабарламасы арқылы ұялы (мобильді) телефонға немесе ведомстводан тыс күзет (ВКБ) пультіне жіберуге болады. Gsm күзет дабылы негізінен қала сыртындағы нысандарды немесе күзетшілерді ұстау тиімсіз болып табылатын нысандарды қорғау үшін қолданылады. Бірақ көптеген жағдайларда gsm күзет дабылы емес, күзет дабылының типтік жүйелері қолданылады. Алайда, жүйенің түріне қарамастан (біріктірілген қауіпсіздік жүйесі, радиоканалдар
немесе басқа жүйелер арқылы жұмыс істейтін сымсыз жүйе) жұмыс істеу қағидаты біреу: тетіктер терезелерге, есіктерге, үй-жайдың периметрі бойынша, әйнектерге және үйдің, кеңсенің немесе пәтердің басқа да «сезгіш нүктелеріне» орнатылады. Тетіктердің бірнеше түрлерін қолдану кеңес етіледі, мысалы, қозғалыстық және діріл, түтіндік жыне жылулық. Белсенді хабарлауыштар да (сигнал тудырып, оның өзгеруіне назар аударатын), сондай-ақ пассивті хабарлауыштар (берілген параметрлердің ғана өзгеруіне назар аударатын) да орнатылады. Штаттан тыс оқиғалар орын алған кезде тетіктер мен хабарлауыштар сигнал тудырады, ол бүкіл жүйенің миы болып табылатын контроллермен өңделеді. Не істеу керектігін – сиренаны немесе өрт дабылын қосуды, күзет пультіне немесе иеленушіге хабарлама жіберуді немесе тетіктің дабылын мүлде «ескермеуді» контроллер шешеді. Барлығы да жүйенің мүмкіндіктері және бағдарламалауға байланысты.
Егер Сізге кәсіпорыныңызды және/немесе басқа нысандарыңызды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша қызметтер қажет болса, біз:
- автоматты өрттен қорғау жүйелері мен қондығыларын (өрт дабылы, өрт сөндіру, өрт кезінде құлақтандыру және көшіруді басқару және т.б.) жобалауды, монтаждауды және техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге;
- Сізге қажетті өрттен қорғау жабдықтарын, бастапқы өрт сөндіру құралдарын жеткізуге;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді шешу бойынша кеңес беруге және көмек көрсетуге дайынбыз.